ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокуратура және ішкі істер департамент өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға судья А.Сабыров, Қызылорда облыстық прокурорының басқарма бастығы Н.Қалиев, Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастықтары Н.Отарбаев, Р.Әнуар, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бастығы А.Жаназаров, Қызылорда қалалық ішкі істер басқарма бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Н.Әлтай, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы Р.Әлденов қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын судья А.Сабыров ашып, күн тәртібімен таныстырып, сөз кезегін соттың кеңсе меңгерушісі Қ.Сәрсенбаеваға берді.
Кеңсе меңгерушісі Қ.Сәрсенбаева өз баяндамасында сотта 2016 жылы 57 адамға қатысты 32 аяқталған аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша судьялар бірнеше іс бойынша куәлерді, жәбірленушілерді сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулылар қабылдап, оларды орындау Қызылорда облысы бойынша Ішкі істер департаментіне жіберіліп, орындалуын қадағалау Қызылорда облысының прокурорына жүктелгендігін айтып өтті.
Одан кейін, дөңгелек үстел қатысушылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша проблемалар жөнінде пікір алмасып, оларды қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтты.