ЖОЛДАУ БИЗНЕСТІҢ ЕРТЕҢІН БЕКЕМДЕЙДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауын қазақстандықтардың қай қайсысы болса да асыға күтетіні сөзсіз. Ал биылғы Жолдауда айтылған мәселелердің бизнес өкілдері үшін маңызы ерекше.
Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда кәсіпкерлерге, сондай-ақ кәсіппен айналысамын деген азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды десек болады.
Соның ішінде қуанышты жаңалық ретінде кәсіппен айналысқысы келетін азаматтар үшін, қала тұрғындарына, ауыл азаматтарына да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие берілетіндігін айтып кеткім келеді.
Ұлт Көшбасшысы Жолдауда шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керектігін, бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару қажеттігін айтқан болатын.
Мұнымен қоса, Елбасы Жолдауда «Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты» деген болатын.
Бұл ретте қызылордалықтар үшін жағымды жаңалықпен бөліскім келеді. Ағымдағы жылдан бастап «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жұмысын бастады. Кәсіпкерлерге жаңа қызмет түрлерін ұсынудамыз. Солардың бірі - рұқсат беру құжаттарын алу (газға, электр энергиясына, суға, жылуға техникалық шарттар). Мысалы: электр қуатына техникалық шарттар алу барысында кәсіпкер қандай қиындықтарға жолығатынын білеміз, сондықтан осы қызмет түрлері кәсіпкерге біраз жеңілдік береді деген сенімдеміз.
Кәсіпкерлердің бизнес жүргізуге қатысты біліктілігін арттыруға қатысты да Палатада кешенді жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Мәселен, биылғы жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 800-ден астам азамат «Бизнес кеңесші», 125 кәсіпкер «Бизнес өсу», 60 адам «Жобалық оқыту» аясында, «Нәтижелі жұмыспен қату және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 938 адам «Бизнес бастау» компоненті бойынша оқытылатын болады.
Жалпы Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауы алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді. Біздің міндет кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған қолдауды тиімді пайдаланып, нәтижелі іс атқару.
Ғалымбек Жақсылықов,
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры