ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен «Теміржолсу» БПҰ-ында Елбасы Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
«Теміржол» партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты-партияның фракция мүшесі Аманкелді Арысбаев жүргізіп отырған жиында спикерлер – БПҰ төрағалары, жасотандықтар, «Теміржолсу» мекемесінің белсенді қызметкерлері Жолдаудың ел болашағы үшін маңызын атап өтті.
Қоғам келешегін бекемдей түсетін құнды құжаттың жүзеге асырылуына теміржолшылар еселі еңбегімен үлестерін қосатынын жеткізді. Маңызды белестің алдында тұрған Тәуелсіз еліміздің сандық технология негізінде енді тың бағыттарға мән беруін теміржолшылар «Мемлекетіміздің өсуі мен әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қарқынды ену үшін болашаққа бастайтын сенімді көпір» деп бағалады.
Жиында Конституциялық реформа жайлы да пікір білдірген сала мамандары, оның Президенттің баршаға белгілі саяси қолтаңбасының жарқын көрінісі екендігін айтты.
«Біз ел жаңғыруындағы жаңа тарихи сәтке куә болып отырмыз. Елбасының Жолдауы мен Конституциялық реформалары туралы үндеуі еліміздің ертеңі үшін маңызды»-деді өз сөзінде облыстық мәслихат депутаты-партияның фракция мүшесі А. Арысбаев.