ЖАСТАРҒА ЖАҢА БАҒЫТ
Елбасының кезекті Жолдауы кез келген салаға жаңа жобалар мен тың бастамалар әкелері сөзсіз. Еліміздің жаңа бағыты бұл жолы технологиямен тікелей байланысты болып отыр. Өркендеген мына заманда, Елбасының технологияны халық игілігіне тиімді пайдалануды тапсырып отырғандығы бекер емес. Дамыған елдермен тең дәрежеге жету, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап алдыға қойған ең үлкен мақсаттардың бірі. Сол себепті, Елбасының міндеттеген үш тілділік бағдарламасы,соның ішінде ағылшын тілін жетік меңгеру аса маңызды. Жаңа технологияны «ұлттық» деңгейге жеткізу, Қазақстанның алдынан жаңа белестер ашады. Сондықтан да, Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деп атап көрсетті Жолдауында.
Мен «электрондық журналистика» мамандығы бойынша білім алудамын. Жоғарыда көрсетілген міндеттердің тиімділігін, болашақ жас маман ретінде атап көрсете аламын. Халықты ақпаратпен жедел хабардар етуде бұл жаңа бағыттың басымдылыққа ие екендігі сөзсіз.
Сонымен қатар Елбасының «жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет» деген пікірі болашақтың бейнесін көз алдымызға елестетеді. Кез келген саланы игеруге тек теориялық білім жеткіліксіз. Түйген білімді, тәжірибе жүзінде іске асыру үшін, арнайы жабдықталған аудиториялар болуы керек.
Өз басым бұл Жолдауды жаңа технологияны пайдаланып, заманауи кәсіп бастауға, елдің хал-ахуалын жақсартуға арналған құнды құжат деп білемін. Қазіргі заманның басты қаруы – технология. Жетік меңгеріп, тиімді пайдалана білсек жетістікке жетеріміз анық.
Назерке Шарападдин,
Халықаралық ақпарттық технологиялар
университетінің 4-курс студенті