МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ, АЙҚЫН МАҚСАТ
Жылдағы дәстүр бойынша Елбасының қазақстандықтарға арналған кезекті Жолдауы жарық көрді. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын бұл құжатта Мемлекет басшысы еліміздің үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдығын айқындап берді.
Аталған Жолдауда білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруі тиіс деп атап көрсетілген. Осы орайда биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады, оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетілетіні атап айтылған.
Сонымен бірге Жолдауда Үкіметтің қажет деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керектігі, бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керектігі көрсетілген. Сондай-ақ, тарихи құжатта заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмек бағасын реттеуді енгізу қажеттігі атап айтылған. Бұл да бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі.
Жалпы, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы алдағы 25 жылға жасалған маңызды қадам, айқын мақсат деп білемін.
Гүлнар Жұмашева,
облыстық «Ана мен бала» орталығының бас дәрігері.