ЖАҢАША ДАМУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
Бүгінде мемлекетте ауылшаруашылығын қолдаудың жүйесі қалыптасты. Шаруашылықтарға берілетін түрлі субсидиялар, егін мен мал басын көбейтуді көздеген бағдарламалар осы сөзіміздің дәлелі. Осының арқасында Қазақстанда ауылшаруашылығы саласы еңсе тіктеді. Енді алдымызда мүлдем жаңа міндет тұр. Ол Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан айқын көрінеді.
Елбасы атап өткендей, біздің әлемде ірі аграрлық экспорт өндіруші болуға толық мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керектігін, шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшетін мезгіл жеткендігін айтты. Осы мақсатта Үкімет пен әкімдерге тапсырма берді.
Елбасы Жолдауындағы субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыру, жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту, өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу осы салада жүрген әрбір шаруаның көкейіндегіні дөп басты.
Бұл соңғы жылдары еңсе тіктей бастаған ауылшаруашылығын мүлдем жаңа сапаға көтеретін бастама болды.
Камалатдин Аббас,
«Мәді Қажы» ЖШС төрағасы.