КӘСІП ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ
Ел алдындағы есебінде Қазалы ауданды Майлыбас ауылдық округінің әкімі Әлішер Мәмбетов былтыр «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша бюджеттен бөлінген 51 млн. теңгеге №100 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 9 адам уақытша жұмыспен қамтылғанын жеткізді.
Округ бойынша 1187 бас мүйізді ірі қара, 5708 бас қой және ешкі, 360 бас жылқы, 781 бас түйе малы, 100 бас құс бар.
Ауылда кәсіппен айналысатындар қатары көбейіп келеді. Былтырғы есеп бойынша 25 тұрғын жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Олардың ішінде 7 дүкен, 1 наубайхана, 15 шаруа қожалығы бар. Жолаушы тасымалы бағытында халыққа қызмет көрсететін 2 кәсіпкер тұрақты жұмыс істеп тұр.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1 тұрғын 2 млн. теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытуда. Ақсуат ауылында жеке кәсіпкер Дәрмен Сейілхан «Сыбаға» бағдарламасымен мүйізді ірі қара малын 60 басқа көбейтіп, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.