ТАҒАЙЫНДАУ
Қала әкімінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №324 өкімімен Байманов Шахмардан Асқарұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Шахмардан Асқарұлы 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген, жоғары білімді қаржыгер, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып бастап, Қызылорда облыстық «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» директоры, «Қазақстан жастар конгресі» директорының орынбасары, директоры, Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
Қала әкімінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы №326 өкімімен Ержанов Жақсылық Фазылбекұлы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Жоғарғы білімді заңгер және қаржыгер. Еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде оқытушы болып бастап, бірқатар ірі компаниялардың заңгері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бас маманы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Қала әкімінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы №325 өкімімен Жұмадиллаев Шыңғыс Мамытұлы қалалық ветеринария бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Шыңғыс Мамытұлы 1965 жылы туылған, жоғары білімді мал дәрігері. Еңбек жолын қарапайым мал дәрігері болып бастап, осы салада 21 жыл жұмыс жасаған тәжірибелі маман. Осы уақытқа дейін облыстық ветеринария басқармасының бас маманы қызметін атқарған.
Еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып бастап, Қызылорда облыстық «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» директоры, «Қазақстан жастар конгресі» директорының орынбасары, директоры, Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
***