ҚЫЗЫЛОРДАДА "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Қызылордада партияның көмегімен бір отбасы баспаналы болды http://www.astanatv.kz.
Бірнеше жыл пәтер жалдап күнелткен отбасы үшін - бұл үлкен бақыт. Бүгінде төсекке таңылған отағасы мен оның әйелі кезінде біреудің малын бағып, бейнет кешкен. Сондай-ақ отбасындағы алты баланың екеуі сырқат. Тұрақты жұмысы бар тек 26 жастағы Жорабек қана. Несиге жер телімін алған жігіттің үй салуға шамасы жетпеді. Олардың халін көріп, ашыған көршілері "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалына өтініш жазып, Мырзабековтерге көмек сұрады. Отбасына барып, жағдайды көзімен көрген партиялықтар, ақылдаса отырып, үй тұрғызып беруге мұрындық болды. Бүгінде қоныстойын тойлаған жандар қиындық артта қалып, балаларының келешегі жарқын боларына сенімді.
«Нұр Отан» партиясына көп рахметімді айтамын. Осындай дәрежеге жеткізіп, көмек беріп, балаларымды алға тәрбиелеп. Көмір берді, азық-түлік беріп жатыр, - дейді Жаңагүл Мұқасова.
2016 жылы үш мың бес жүзге жуық өтініштер түскен болатын. Солардың 28 пайызы он шешімін тапты. "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясынын мүшелерімен ақылдаса отырып, көмек көрсетуге шешім қабылдадық, - дейді "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау меңгерушісі Мақсұт Баекеев.