МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША МӘЛІМДЕМЕСІ
Құрметті қазақстандықтар!
Қасиетті Отанымыз Тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты.
Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды.
Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық.
Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық.
Екіншіден, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық.
Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз.
Бүгін менің халыққа Жолдауым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын.
Бас тақырып – Қазақстанның Үшінші жаңғыруы.
Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.
Біз цифрлық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз.
Ал, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Президенттің Жолдауды ауызша немесе жазбаша түрде мазмұндап беруге құқы бар. Осы жылы мен екінші тәсілді таңдадым.
Осы стратегиялық құжатта елдің жаңа кезеңдегі әрі қарайғы дамуына көзқарас мазмұндалатын болады.
Ширек ғасырда біз екі жаңғыруды жүзеге асырдық.
Бірінші – бұл нарықтық экономика қағидаттары бойынша мүлдем жаңа мемлекет құру.
Екінші – 2030 стратегиясын жүзеге асыру және біздің Отанымыздың елордасы – Астананы қалыптастыру.
Қазақстан жедел қарқынмен дамыды және аса табысты 50 елдің қатарына қосылды.
Қазіргі әлемдегі технологиялық дәстүрді түбегейлі өзгерту экономикалық өсімнің жаңа моделіне өтуді талап етеді.
Сондықтан менің халыққа Жолдауым Қазақстанның Үшінші жаңғыруына арналатын болады.
Біздің міндетіміз – елдің жаңа өмір шындығы жағдайларындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілігі.
Біздің іс-қимылымыздың негізі – Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары.
Үшінші жаңғырудың шешуші басымдықтарының бірі экономиканы жедел технологиялық жаңарту болады.
Бұл цифрлық технологиялар базасында жаңа перспективалы салалар құру дегенді білдіреді.
Бизнес — ортаны кеңейту мен жаппай кәсіпкерлік үшін жағдайларды жақсартудың қағидатты маңызы бар.
Бұл үшін мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту қажет.
Бизнес үшін барлық ықтимал шығындарды төмендетіп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытқан жөн.
Өсімнің болашақ моделінің буындары қатарында агроөнеркәсіп кешені, көлік және логистика бар.
Тұрғын үй нарығын дамыту мен оны мемлекеттік қолдау шаралары туралы жеке айтылатын болады.
Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау біздің басымдықтарымыз болып қалады.
Макроэкономикалық саясат та жаңғыртуға мұқтаж.
Үкіметке қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап ретінде «Қазақстанның ұлттық техно-логиялық бастамасы» деген атпен елді Үшінші жаңғыру бойынша Дамудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын жасау тапсырылады. Үкіметтің алдына шешу үшін барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар салмақты мақсаттар мен міндеттер қойылып отыр.
Осының барлығы ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсімнің орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Жақында мемлекетті саяси жаңғыртудың жобасы жария етілді.
Осы екі бастама да бірін бірі толықтырып, ел дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарына қызмет етеді.
Біз 2050 Стратегиясының негізгі мақсаты – Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына енуіне тек осылай ғана қол жеткізе аламыз.
Қазақстанның технологиялық жаңғыруының шешуші бағыттары, қысқаша айтқанда, осындай.
Қазақстан халқы елді болашақ дамыту мен өсіп-өркендетуге бағытталған ұсынылып отырған шараларды қолдайтынына сенімдімін.
Баршаға алдағы үлкен жұмыста табыстар тілеймін.