ҚАЗАҚСТАН ДАМУДЫҢ САРА ЖОЛЫН АЙҚЫНДАП АЛДЫ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне қатысты өз пікірін білдірді.
- Қазіргі уақытта, бүкіл ел саяси жүйені демократияландырудың дәлелі болып табылатын, ҚР Президентінің мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін үлкен қызығушылықпен талқылауда. Бұл реформа халық үшін үлкен маңызға ие, сондай-ақ, мемлекет тарихындағы демократиялық қадам болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елге Президенттің тұрақты әрі мықты билігі қажет болды. Қазір әлемдік өзгерістер көшінен қалмай, дамыған елдердің қатарынан көріну үшін саяси жүйені жаңарту қажеттілігі артты. Елбасы өзі айтқандай Қазақстан демократиялану жолында. Көптеген елдер ертеңін бағдарлай алмай отырғанда, Қазақстан дамудың сара жолын айқындап алды. Біз толықтай Елбасының бастамасын қолдай отырып, аталмыш Конституциялық құжаттың іске асуына қарышты қадамдар жасаймыз. Қазіргі таңда жер-жердегі бастауыш партия ұйымдары арқылы халық арасында түсіндірме жұмыстары жасалып жатыр, - дейді И.Құттықожаев.
Фариза ОМАРОВА