АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ КӨРІКТЕНЕ ТҮСТІ
Бүгін Манап ауылдық округі әкімі тұрғындар алдында есеп берді. Есеп беру барысында ауыл әкімі Ербол Әлменов төмендегіше мәліметтерді баяндады.
Манап ауылдық округі шаруа қожалықтары «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша субсидия алды.
Былтырғы жыл үлесіндегі үлкен іс – Талап бекетіндегі 100 орындық №254 негізгі мектеп құрылысы бітіп, тамыз айында пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша Манап ауылы мен Талап бекетіндегі Қызылсеңгір, С.Мырзатаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тас жолынан Талап бекетіне баратын 7 шақырым жолға былтыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Манап ауылынан «Тәуелсіздік саябағы» салынды. Сондай-ақ, осы ауылдағы тоған құжаттары толық рәсімделіп бітті. Тоғанға жылына 1,8 миллион шаршыметрге жуық су жиналып, ел игілігіне пайдаланылуда.