АУЫЛ КЛУБЫ ЖӨНДЕЛДІ
Бүгін Қосүйеңкі ауылдық округі әкімі тұрғындар алдында есеп берді. Есеп беру барысында ауыл әкімі Жанай Жанпейсов ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс шаралар өткізуге бөлінген субсидия мен «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде атқарылған шаруаларды атап өтті. Былтыр ауылдық елді мекендерді дамыту аясында объектілерді жөндеу және абаттандыру жоспарына сәйкес ауылдық клуб үйі ағымдағы жөндеуден өткізілді.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2 бағытына сәйкес 1 адам 1500 000 мың теңге жеңілдетілген несие алып, жұмыс жасауда.
Ауылдық округте 7 шаруа қожалығы мен 18 дара кәсіпкер тіркелген. Былтыр мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар түлік тұқымын асылдандыруға субсидия алды.
Ауылдық округте 7 шаруа қожалығы мен 18 дара кәсіпкер тіркелген. Былтыр мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар түлік тұқымын асылдандыруға субсидия алды.