ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ҰРЛАНДЫ» ДЕГЕН ҚОЙЛАРДЫ ИЕСІНЕ ҚАЙТАРДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша қаңтар айының 22-нен 23-не қараған түні Шиелі ауданы Еңбекші ауылына қарасты «Жалғыз ағаш» ауылының тұрғыны мал қорасында тұрған 2 бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кетіп, жалпы құны 50 000 теңге шығын келтіргені жайлы аудандық ішкі істер бөліміне арызданады. Аталған арыз бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қойлар аталған жайылымдық жерде қалың жыңғыл ағаштардың арасында төлдеп жатқан жерінен табылып, ешқандай ұрлық қылмысы орын алмағандығы белгілі болды. Екі қой 2 қозысымен бірге иесіне қайтарылды.