КӘРІСТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ СОЛЬНАЛЬ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы баспасөз қызметінің хабарлауынша «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының ұйымдастырумен кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.
Салтанатты кешке Қазақстандағы кәрістер қауымдастығының, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және барлық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасарлары Рахима Ахметова, Асылбек Жұмабаев және «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким сөз сөйлеп, кәріс халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәрістер этномәдени орталығының ардагерлері мен белсенді мүшелерін марапаттады.
Айта кету керек, үстіміздегі жылы кәріс этносының Қазақстанда тұрғандарына 80 жыл толады. Соған сәйкес, олар татулық пен келісімде өмір сүріп келе жатқандығын атап өтпекші.
Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай қаңтардың 28-не тойланды. Жаңа жылда кәріс этносы басымдықты отбасыға беретін көрінеді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-баба салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды тек отбасымен бірге барлық жоралғыларды өз кезегімен орындады.
Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойын да болды. Барлық отбасымен бірге – юннори және қазақтың ләңгі ойынына ұқсас – чегичхагиді ойнады. Ал, барабаншылардан құралған кәрістер самульнори ансамблі жиылған жұртшылықты өз өнерлерімен баурап алды.