САЛА МАМАНДАРЫ ПОЛЬШАДА ОҚЫП КЕЛДІ
Қызылорда облысының медициналық және фармацевтикалық саласындағы 135 маман қайта оқытылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Өңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында «Жоғарғы медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары» бекітілген болатын. Оған 60 млн теңге бөлінді. Осы мақсатта аймақ үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау үшін облыс әкімінің гранты бөлінген.
– Қайта даярлау курстары арқылы аса қажетті мамандықтар бойынша 135 дәрігер қайта оқытылды. Осы арқылы биыл неанотолог, травматолог, онколог сияқты өте қажетті мамандар тапшылығы шешілді. Сонымен қатар, кадрлық резерв құру және қайта даярлау үшін денсаулық сақтау саласының 15 маманы Польшада оқытылды. Өткен жылы барлық дәрігерлердің 59,4%-ы білімдерін жетілдірді, - дейді Ақмарал Шәріпбайқызы.
Айта кетейік, өткен жылы 81 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып, оның 60%-ы БМСК ұйымдарына жіберілді. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95%-ға жетіп отыр.