ЖАНҚОЖА БАТЫРДЫҢ 240 ЖЫЛДЫҒЫ ТУҒАН ЖЕРІ ҚАЗАЛЫДА ТОЙЛАНДЫ
Халық батыры, қаһарман баһадүр, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Жанқожа Нұрмұ¬ха¬ммед¬ұлының 240 жылдығы кең көлемде аталып өтілді.
Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі №269 мектепке бабаның есімі беріліп, батырдың туған жері Қазалы ауданында «Ел қорғаны, Ер Жәкем» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Драматург Рүстем Жанаевтың «Жанқожа батыр» спектаклі халық назарына ұсынылды.
Баһадүрді ұлықтаған шара Жанқожа ауылында да аталып өтілді. Мұнда «Тағзым» алаңы салтанатты түрде ашылып, гүлдер жәрмеңкесі мен қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, депутаттар, бабаның ұрпақтары қатысты.
17 жасынан қол бастаған қайсар батыр Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отар¬шыларына қарсы тұра білді. Халқының бостандығы мен тәуелсіздігінің ерен күрескері болды. Батырдың ерлігімен ел басқарушылық қабілеті сахналық қойылыммен көрсетілді.
– Жанқожа батыр Тәуелсіздік деген ұлы құндылық үшін күресті. Ұлтына ұран, халқына қорған бола білді. Тау тұлғаның 240 жылдық мерейтойына орай ауылдың мәдениет үйі, мектеп, әкімшілік ғимараты, көшелер жөндеуден өтіп, жарықтандырылды. Бабаны ұлықтау арқылы кейінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиеліп, елдің рухын асқақтату, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 айтыскер ақын батырдың ерлігін сөз етті. Сөз өнері шеберлерінің сайысында түркістандық Бейбарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді. Ал бозкілемдегі бәскеде қармақшылық Айбек Серікбаев қарсылас шақ келтірген жоқ.
Қазалы ауданында жүзден астам қара үй тігіліп, батырдың рухына арнап ас берілді. Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концерт болды.
Батырдың мерейтойы аламан бәйгемен қорытындыланды.