ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Сотталушы танысының әскерден келгенін достарымен бірге атап өту үстінде бір танысымен сөзге келіп қалады. Ашу үстінде пышақпен оның сол жақ кеуде тұсынан қасақана ауыр жарақат салған. Алған жарақатынан жәбірленуші ауруханада ота жасау үстінде қайтыс болды.
Сот үкімімен сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуі белгіленді.
Сонымен қатар, медициналық орталықтағы кезекші дәрігерлердің өз қызметтеріне немқұрайлы қарап, қызметтік борыштарын орындамағаны үшін жекеше қаулы қабылданды.