ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКТЕПТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛУДА
ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) және Білім кредиттерін кепілдендіру (БКК) бағдарламаларын ілгері жылжыту мақсатында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерімен Ынтымақтастық туралы меморандумдарын жасасуда http://edu.gov.kz/kz.
Аталған ынтымақтастық аясында МБЖЖ мен БКК-ны дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір мен ақпарат алмасу, аталған бағдарламалар жөнінде ата-аналар мен оқушыларға тегін call-орталық (8 800 080 28 28) арқылы консультациялар беріп, мектептердің сайттары мен стендтерінде МБЖЖ мен БКК туралы ақпарат орналастыру және 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарын жарты жылда бір рет жүргізіліп жатқан осындай мемлекеттік бағдарламалар бойынша және олардың берер мүмкіндіктері жайында хабардар етіп тұру жоспарланып отыр.
Бұл ынтымақтастық МБЖЖ бойынша оқуға қаражат жинақтау және БКК шеңберінде білім беру кредиттерін жеңілдетілген шарттармен алу арқылы мектеп түлектері үшін колледждерге және ЖОО-на түсу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
2017 жылдың 13 қаңтарынан бастап осы бағыттағы ынтымақтастық Қазақстанның 38 метебімен орнатылды.