БҮГІН ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰРАҚСЫЗ КҮН РАЙЫ КҮТІЛЕДІ
30 қаңтар күні ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі. Таулы аймақтарда жауын-шашын қатты болады. Республиканың кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, екпінді жел болжанады, оңтүстік-батыста жел жаяу бұрқасынмен болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түнде Алматы облысының кей аумақтарын тұман басып, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады, Жалаңашкөл ауданында жел 23-28 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қызылорда облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің күші 30 м/с-қа жоғарылайды.