СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АТТЕСТАЦИЯ АҚПАНДА БАСТАЛАДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында семинар сабағы өтті.
Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова, облыстық соттың бөлім басшылары мен кеңсе мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты.
Семинарды ашқан Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Рахимова мемлекеттік қызметшілерге 2017 жылдың І жартыжылдығында өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау тәртібін, мақсаты мен өткізілу мерзімін түсіндірді.
Қызылорда облысы соттарының қызметкерлері ақпан-маусым арылығында аттестациядан өтеді. Жалпы, аттестациялаудан 149 қызметкер өтіп, 51 маман түрлі себептермен өтпейді.
Семинар аясында Ішкі қауіпсіздік және соттардығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің сот жасауылы Т.Райымбеков мемлекеттік қызметшілер, декларация табыс ету міндеттемесі жүктелген тұлғалар жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларация тапсырудың мән-жайын баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде пікір білдіруі, ұялы телефондарды пайдалану және діни көзқарасын білдіру мәселелерін талқыға салды.
Ішкі қауіпсіздік және соттардығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің аға сот жасауылы Н.Қалмаханов жергілікті сот жасауылдарының құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты хаттама толтыру тәртібі туралы баяндады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі