УНИВЕРСИАДАНЫҢ АШЫЛУЫНДА 57 ЕЛДІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮРІП ӨТТІ
Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында дүние жүзінің 57 елінен келген спортшылар салтанатты шерумен жүріп өтті.
Жарысқа Қытай, Канада және Ресей елдерінен ең көп спортшылар келді.
29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарында 2 мыңға жуық спортшы қатысады Ал телеарналар арқылы 80-нен астам елден 1 млрд адам тамашаламақ.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан Универсиадада студенттер биатлон, шаңғы спорты, кёрлинг, коньки спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғымен жарыс, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек спорттарынан бақ сынайды.
Универсиада 8 нысанда өтеді: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешені, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешені, Б.Шолақ атындағы спорт сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешені.
Әр елден келген спортшылардың салтанатты шеруінен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын ашық деп жариялады.
«Бүгін Ұлы Дала елінде салтанатты спорттың – ұлы мерекесі. Жастар сайысына 57 елден 2 мыңнан астам спортшы, мыңдаған спорт маманы мен жанкүйер жиналды. Спорт бейбітшілік пен татулықтың, ынтымақтастық пен тілектестіктің символы. Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер!» – деді Мемлекет басшысы.
«Жер жаһан көз тіккен бұл Универсиада нағыз жастық жігердің арманы, жарқын жеңістердің бастауы, болашақ Олимпиада чемпиондарының мектебі. Қысқы Универсиада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында тұңғыш рет біздің елімізде өткізіліп отыр, бұл – біздің еліміз үшін мәртебе», – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Президент Универсиада қарсаңында Алматыда бірнеше спорт нысаны салынғанын айтып өтті. «Мұның бәрі отандық спорттың инфрақұрылымына салынған инвестиция», — деді Елбасы.