«БОЗКӨЛДІКТЕР» БАҚШАҒА МӘН БЕРЕДІ
Қазалы ауданында әкімдердің тұрғындар алдындағы есебі жалғасуда. Бозкөл ауылдық округінің әкімі Ізімқұл Бөрібай елге берген есебінде былтырғы жыл бедеріндегі шаруаға шолу жасап өтті.
Ауылдық округте 3 автобус, 7 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетеді. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2 кәсіпкер несие алып, мал шаруашылығын дамытса, «Эко даму» бағдарламасының қолдауына сүйенген 2 кәсіпкер ағаш егумен айналысуда.
Негізінен ауыл тұрғындары мал өсірумен, бақша өнімдерін егіп, оны сатумен айналысады. Биыл жеке тұрғындар үй іргелік жерінен бөлек ауыл сыртынан 40,3 гектар бақшалық жер дайындап, түрлі дақылдар екті.
Округте 1557 мүйізді ірі қара, 3864 бас уақ мал, 589 бас жылқы, 16 түйе бар. Олар сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді.