ЖОЛАУШЫЛАР ҚАТЫНАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ
Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Елеубек Өтепбаев ауыл тұрғындарына есеп берді. Қызылқұм ауылдық округ әкімдігі аппаратына өткен жылы аудандық бюджеттен 51441 мың теңге бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 100 пайызға игерілді.
Округте 27 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың 1-і шаруа қожалығы, 26-ы жеке кәсіпкер. Ауыл тұрғындарының қорасындағы төрт түлік саны да жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде ауылда 968 бас мүйізді ірі қара, 2726 бас қой, 2425 бас ешкі, 482 бас жылқы, 115 бас түйе бар.
Былтыр аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, «Кәукей-Бозкөл» бағытындағы жолдың Кәукей ауылынан 8 шақырым жердегі бөлігі, сонымен қатар, «Кәукей-Ажар» бағытындағы МТС көпіріне жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Округ бойынша жолаушы тасымалдау саласында тұрғындарға 8 автобус қызмет көрсетеді. «Кәукей – Әйтеке би кенті» бағыты бойынша күніне 2 рет, «Кәукей – Ажар» бағытына аптасына 2 мәрте жолаушылар автобусы қатынайды.