АЛАУДЫ АЛМАТЫҒА ЭЛИЗАБЕТ АЛЫП БАРАДЫ
Эстафета қатысушылары түстен кейін қаланың Орталық алаңына жетті. Алматыда өтетін аламан доданың алауын көтергендер арасында түрлі саланың өкілдері болды. Солардың бірі белгілі әнші, жерлесіміз Төреғали Төрәлі тілшілерге сұхбат беріп, «Алау көтерген жалау көтергенмен тең құрмет» деп ағынан жарылды.
Алаңдағы шарада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөйлеп, дүние жүзі өкілдері қатысатын додада ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тіледі. Осыдан кейін «Дэви шамына» салынған алауды мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы II қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева Универсиада серіктесі «Эйр Астана» АҚ-ның әуе көлігі арқылы Алматы қаласына алып кетті.
Талай додада топ жарған жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева ертең Алматы қаласында өтетін «Алау эстафетасына» қатысады.
Талай додада топ жарған жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева ертең Алматы қаласында өтетін «Алау эстафетасына» қатысады.