БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ
Елбасы өзінің Үндеуінде қоғамды мазалап жүрген көптеген сұраққа жауап берді деген ойдамын. Себебі, Президентіміз заман талабына сай біздің де өзгеруге тиіс екендігімізді айтып өткен болатын.
Айта кетсек, Елбасы өзінің Үндеуінде әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады деп отыр. Енді Үкімет пен Парламенттің халықтың алдындағы жауапкершілігі арта түседі. Жаңа реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді. Жалпы жан-жақты халықтың арасындағы талқылау болу керек. Сонда бұл реформа оңтайлы түрде жүзеге асады.
Сақтапберген Жұбатқанов,
Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы.
Сақтапберген Жұбатқанов,
Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы.