ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТАР САЛЫНАДЫ
Жылдағы дәстүрге сәйкес өтіп жатқан аудан әкімінің халық алдындағы есепті кездесуі жалғасуда. Сапақ ауылдық округіне табан тіреген аудан әкімі М.Оразбаев бүгін тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстармен қоса Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 25 қаңтар күні Қазақстан халқына жария еткен үндеуі жайлы да баяндап өтті.
Одан әрі сөз кезегін алған ауылдық округтің әкімі С.Әлмырза өткен жылғы жұмыстар есебін баяндады.
Бүгінгі таңда Сапақ ауылында темір жол байланысы жеңілдеген. Қазіргі таңда ауыл маңына Орал-Алматы, Маңғышлық-Алматы, Алматы-Орал, Алматы-Маңғышлақ, Қызылорда-Жезқазған, Жезқазған-Қызылорда бағытындағы поездар тоқтап, ауыл халқы қатынастан қиындық көріп отырған жоқ.
Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын өңірде 2016 жылы мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша жеке кәсіпкер А.Молдабаев пен А.Қайназаров несиеге қол жеткізіп, мал басын асылдандыруға кірісті.
Биыл ауылда 50 орындық мектеп пен 20 орындық балабақша құрылысын аяқтау, елдімекен көшелерін жарықтандыру жоспарланып отыр.