ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
Бүгін аудан әкімінің халықпен есепті кездесуі ауданға қарасты Аралқұм ауылдық округінде өтті. Округ әкімі Ш.Жаңабаев ауылда 319 қожалықтың табысты жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.
Былтыр жеке кәсіпкер Қайрат Көбенов «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Арал ырысы» кредиттік серіктестігі арқылы 10 млн теңге несие алып, оған 59 бас сиыр мен 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған. Бұдан бөлек, «Сыбаға», «Құлан» бағдарламаламасымен тұрақты айналысып келе жатқан шаруа қожалықтары мал басын асылдандыру, көбейту бағытында қарқынды жұмысын жалғастырып келеді.
Сонымен қатар, ауылда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізінде ауыл тұрғыны Д.Нұржанова наубайхана ашуға жер телімін рәсімдеп, несие алуға жұмыс жасауда.
Есепті кездесуде биылғы жылдың еншісінде атқарылатын жұмыстар легін аудан әкімі М.Оразбаев атап өтті. Соның ішінде, Аралқұм елді мекенін ауыз сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту шаралары және жаңадан салынған тұрғын үйлеріне электр желісін жүргізу және қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Осылайша, ауқымды істерден хабардар болған жұртшылық әкімдердің есебіне қанағаттанарлық бағаларын беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.