АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМИДЫ
Бүгін есеп беру жиындары Ақай ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімі С.Мақашов пен Ақай ауылдық округ әкімі Р.Байшораева халық алдыңда былтыр атқарылған жұмыстар туралы есебін берді.
Ақай ауылында соңғы жылдары шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Ауылдағылар мемлекеттік «Жұмыспен қамту -2020», «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламалары мен Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан несие алып, шағын және орта бизнесті аясын кеңейтіп келеді.
Есепті кездесуде аудан әкімі С.Мақашов биыл Ақай ауылында инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында бюджеттен 143 млн теңге бөлініп отырғандығын айтты.
Есепті кездесуде аудан әкімі С.Мақашов биыл Ақай ауылында инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында бюджеттен 143 млн теңге бөлініп отырғандығын айтты.