КЕНТТЕ КЕШЕН САЛЫНАДЫ
Аудан әкімі С.Мақашов мен Төретам кентінің әкімі Қ.Кеулімжаев халық алдында былтыр атқарылған жұмыстар туралы есебін берді.
Өткен жылы Төретам кентінде №4 «Күн нұры», №22 «Гауһартас» балабақша ғимараттары күрделі жөңдеуден өтті.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының II бағыты бойынша 11 адам шағын несие алып, іс бастады.
Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы жеке кәсіпкер Күләнде Омарова 4 млн теңге шағын несие алып, наубайхана ашты.
Өткен жыл үлесіндегі тағы бір жаңалық – кенттегі Б.Момышұлы көшесіне тас жол төселді. «Қазалы жолшы» ЖШС атқарған бұл жұмысқа республикалық бюджеттен 11 млн, жергілікті бюджеттен 1 258 мың теңге қаралды.
Есепті кездесуде аудан әкімі С.Мақашов биыл Төретам кентінде 100 млн теңге болатын денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталатындығын атап өтті.