МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында «Мереке» қонақ үйінің конференц залында облыстық ішкі саясат басқармасы және «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық сот, прокуратура, еңбек саласындағы бақылау басқармасы, қылмыстық атқару жүйесі департаменті, адвокаттар алқасы, ҮЕҰ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, сала мамандарының басын қосқан дөңгелек үстелде медиация институттараның дамуы мен бүгінгі жай күйі талқыға түсті.
Бірлестіктің басқарма президенті Ж.Шаймұханбетұлы өз сөзінде: «Қазіргі таңда қала деңгейінде 38 кәсіби, 41 кәсіби емес және аудандық деңгейде 302 кәсіби емес медиаторлар бар. Өңіріміздегі медиация институттарының қызметін жетілдіру, тұрғындар арасында кеңінен ақпараттандыру мақсатында тамыз айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен медиацияны дамыту жобасы іске асырылды. Жоба аясында «Қоғамдық келісім» КММ-сі және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалымен бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тұрғындарға және кәсіби емес медиаторларға арналған таратпа материалдар мен әдістемелік құрал әзірленді. Жоспарға сәйкес облыс аудандары, Қызылорда қаласы, қалаға қарасты кент және ауылдық округ тұрғындарына, сонымен қатар әр түрлі саладағы еңбек ұжымдарына ақпараттық түсіндірме жұмыстарымен қатар кездесу, қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Жергілікті халыққаотбасы, еңбек қатынастары және даулы мәселелерді алдын алу бойынша құқықтық кеңестер берілді» -деп, атқарылған ауқымды істердің тармағын тарқатып берді.
Қатысушылар медиация қызметін жетілдіру, облыстық, қалалық және аудандық соттарда және сотқа дейінгі сатыларда дауға қатысушыларды татуластыру рәсімін қолдану, өңірде медиацияны кеңінен танымал ету мәселелерін талқылады.Жиында облыстық соттың судьясы М.Ахметов баяндама жасады. Іс-шара барысында бітімгершілік рәсімдерін насихаттауға үлес қосып жүрген бірқатар медиаторлар алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен бірге, 12-13 желтоқсан күндері даулы мәселелерді алдын алу бойынша сала мамандарының біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында кәсіби емес медиаторларға арналған 16 сағаттық оқу-семинар өткізілді. Оқу-семинарды кәсіби медиатор Тұсмағанбетов Жандос Бектайұлы жүргізді. Қатысушылар медиация рәсімдері және келіспеушіліктерді реттеудегі медиатордың құралдары мен әдіс-тәсілдерін меңгерді. Медиатордың көмегімен тараптар арасында дау-дамайды реттеудің рәсімдері негізінде рөлдік ойындар ойналды. Қазақстандағы даулы мәселелерді шешудің баламалы тәсілдері, ҚР «Медиация туралы» Заңының қолданылу аясы, медиаторлардың мәртебесі, ұжымдағы даулы және жанжалды мәселелерді ҚР Еңбек Кодексі аясында реттеу, жанжалды жағдайды басқару сынды мәселелер кеңінен талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша кәсіби емес медиаторларға арнайы сертификаттар табысталды.