ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2016 жылғы 18 қараша күні №10 Қазақ – түрік лицейінде «Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ҚР БҒМ ҒК мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының төрағасы, т.ғ.к. - Енсенов Қанат Алексейұлы, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, жоғарғы оқу орындарының оқытушы-профессорлары және этносаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдар қатысты. Конференцияны «Жас ғалымдар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байұлов Ғани Бекқожаұлы жүргізді. Ол өзінің сөзін бүгінгі қазақ сөз құдіретін пір тұтқан халықтың ұрпағы екенінен бас¬тады. Біз өркениетке баға жетпес асыл қасиеттеріміз – бейбітшіл пейілімізбен, келелі келісімпаздығымызбен, жұдырықтай жұмылған бірлігімізбен еніп отырмыз, деді ол. Бүгінгі Қазақстан халқымыздың этностық, мәдени және діни айырмашылықтарын елдің мызғымас бірлігінің ресурсына айналдыра білді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында этносаясаттың негізгі бағдарын былай деп айқындаған еді: біріншіден, әрбір қазақстандық өзінің этностық, діни ерекшеліктеріне қарамай, елдің тең құқылы азаматы, екіншіден, қазақ халқы және қазақ тілі қазақстандық азаматтық қоғамның мызғымас ядросы, үшіншіден, біз бәріміз – бір ел, бір – халықпыз. Осы бағдар біздің мәңгілік ұстанымымыз.
Баяндамашылар Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістіктеріне қысқаша тоқталып, оның тәжірибесін үйренуді соңғы жылдары ғана 15 мемлекеттің 60-тан артық өкілдері қалап отырғанын айтты. Соның ішінде Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей секілді ұлы мемлекеттер де бар.
Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі талқыланатын мәселелердің барлығы да этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің біздің еліміздің ең басты құндылығы екенін атап өтті.