АУЫЛДА ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛДЫ
Қазалы ауданындағы есепті кездесулер Аранды ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық округ әкімі Қожахмет Қуанғали былтыр 3 шаруа қожалығы ашылғанын жеткізді. Сонымен қатар, өткен жылы жұмысын бастаған «Кішкене Ата» АӨК» мүшелігіне 25 ауыл тұрғыны кірді.
Округ бойынша 4 сауда нүктесі тұрақты жұмыс істеп, жолаушы тасымалымен айналысатын 5 тұрғын кәсіпкер ретінде тіркелді.
«Шебер AN» қоғамдық қоры Біріккен Ұлттар Ұйымының 2 554 мың теңгелік грантын жеңіп алып, тігін шеберханасын ашты. Онда 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша «Агро-Өркен» ЖШС былтыр 600 га күріш егіп, әр гектарынан 42 центнерден өнім алынды. Серіктестікке 70 адам жұмысқа тартылды. Биыл 500 гектар күріш, 220 гектар жаңа жоңышқа егу жоспарлануда. Ауылдық округ тұрғындары мен шаруа қожалықтарында 1419 бас мүйізді ірі қара, 643 бас жылқы, 2804 бас уақ мал, 26 бас түйе бар.