ҚУАНА ҚҰПТАЙТЫН ҚАДАМ
Елбасы Үндеуі ел тарихындағы тың бастама. Қазақстанның болашақ дамуы үшін жасалып отырған қадам. Мемлекет басшысы саяси реформаларды кешенді және жүйелі түрде жүргізу қажеттігін әрқашан айтып келеді. Билік тармақтарын бөлісу соның айқын дәлелі.
Мемлекет басшысы әрдайым жастармен кездескенде бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін, жастардың білімді де белсенді болуы керектігін жиі айтады. Еліміздің кейінгі толқынға қамқорлығының арқасында біз шет елдерде білім алу мүмкіндігіне ие болдық.
Мен де осындай бақытқа кенелген жастардың бірімін. «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританияда білім алып жатырмын. Әр елден келген студенттер осындай мүмкіндікті туғызған Қазақстанға қызыға да қызғана қарайды. Реформаның маңызын ең алдымен жастар жете түсінуі керек. Өйткені, елдің болашағы біздің буынның қолында.
Бұл өзгерістерді, өз басым, еліміздің демократиялық дамуы мен бізге жастарға артылған зор сенім деп бағалаймыз. «Мәңгілік ел» құрудағы аға буын өкілдерінің игі істеріне біз жастар, жәрдемші болуға әрқашан дайынбыз!
Ғалымжан БӘЙІМБЕТ,
Лондон қаласы.