ОБЛЫСТА 2697 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕДІ
Биылдан бастап құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар агенттіктің бекіткен тәртіппен тестілеуден өтетін болады, деп мәлімдеді бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тестілеуден өтеді.
Осы орайда тестілеу залы қосымша құрылғымен, 21 компьютермен жабдықталған. Жоспарға сәйкес облыс бойынша 2697 мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттаудан өтетін болады. Яғни бір күнде 84 мемлекеттік қызметші тест тапсырады.
- Қазіргі уақытта тест тапсыратын қызметшілердің тізімі жасақталды. Тестілеуден өткізу жөнінде кесте әзірленді. Кестеге сәйкес бірінші деңгейге 44 азамат, екінші деңгейде 1324, үшінші деңгейде 1329 азамат мемлекеттік аттестаттан өткізіледі, - дейді департамент басшысы.
Сондай-ақ, брифинг барысында Абзал Сансызбайұлы департаменттің өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, билғы жылдың жоспарларымен бөлісті.