ЖАСТАР ҮНДЕУДІ НАСИХАТТАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Елбасы Үндеуін насихаттау мақсатында түрлі сала мамандары мен жастардың кездесуі өтті.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Студенттер сарайында» өткен жиынға «Нұр Отан» партиясы ҚОФ Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Жарылқасынов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «халықты жұмыспен қамту» бөлімінің басшысы Жанар Дәулетбаева, «Атамекен» ҰКП ҚОФ бөлім басшысы Жасұлан Серіков пен бірқатар қала мектептерінің директорлары қатысты. Еркін форматта өткен шара барысында жиылғандар алдымен ел Президетінің Үндеуін жан — жақты талқылады
Кездесу барысында өңірдегі жастар саясатының жүзеге асырылуы, ҰБТ-ның жаңа форматы әрі тегін кәсіптік білім беру, жастардың жұмыспен қамтылуы, жастар үшін жаңа бизнес көздері мен жеңілдіктері секілді түрлі сала мамандары кеңестер беріп, жастардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.