ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН КӨЗДЕГЕН ТАРИХИ ҚАДАМ
Елбасының мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу бойынша жасаған Үндеуіне орай, кеше елордада «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті, деп хабарлайы «Егемен Қазақстан» газеті.
Елбасы жариялаған Үндеуді елі¬міздегі барша қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтық қоғам мүшелері үлкен тарихи оқиға ретінде қабылдап, өз көзқарастарын білдіріп жатқаны белгілі. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысына еліміздегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты.
Кездесуді жүргізген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған саяси жүйенің мемлекеттілікті нығайтуға, билік тармақтары қызметінің тиімділігі мен жауапкершілігін арттыруға ба¬ғыт¬талғанын атап өтті.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, партия төралқасының арнайы отырысы өтіп, Елбасы Үндеуінде айтылған бағыттар бойынша орталық органы мен филиалдарында талқылаулар өткізу жөн деп шешіліпті.
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың пікірінше, Үкіметке қатысты атқарушы органдар елімізді дамытудағы, экономикалық әлеуетін арттырудағы басты жауапты орган болуы тиіс. Парламенттің де жауапкершілігі артуға тиіс.
Жалпы, осы жиынға қатысқан «Ақ жол», «Ауыл» партияларының, Қазақ¬стан Коммунистік халық партиясының жетекшілері Үндеуде көзделген сая¬си реформалардың көңілдерінен шы¬ға¬тынын, оны қолдайтындарын айтты. Олар, сондай-ақ, Президенттің конс¬титуциялық реформасын халық арасында жан-жақты түсіндіруге, талқылауға да¬йын екендіктерін жеткізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мемлекет басшысының өзекті әрі дер уақытында жарияланған Үндеуін қолдайды. Ассамблея атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко осылай деді.