СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының аймақтық оқу орталығы судьялар мен сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізу шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Мәселен, аудандық және оған теңестірілген сот қызметкерлерінің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда облыстық сотынан, базалық соттар Қызылорда қалалық соты, Қызылорда қалалық №2 соты, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соттардан тағылымдамадан өту кестесіне сәйкес осы жылдың 16-20 қаңтар аралығында Арал аудандық сотының жетекші маманы Б.Қаныбетова, Қазалы аудандық сотының жетекші маманы К.Оразалиева, Сырдария аудандық сотының жетекші маманы М.Асан тағылымдамадан өтті.
Тағылымдамадан өту барысында сот қызметкерлері есеп құжаттарын әзірлеп, комиссия мүшелері алдында қорғап шықты.
Отырыс қорытындысы тағылымдамашыларға келешекте ұсынылатын есептері бойынша жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріліп, ұсыныс-пікірлер айтты.