АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа Аналар кеңесінің төрайымы Раиса Смаханова, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Рахима Ахметова, осы мекеменің бөлім басшысы Гүлнар Сәрсенбай мен кеңестің беделді де белсенді мүшелері қатысты. Онда өткен жылғы атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, кеңестің болашақтағы жоспарлары мен бірлесе өткізілетін іс-шаралар талқыға салынды.
Отырыста бала тәрбиесі, отбасын сақтау сынды мәселелерге қатысты пікірлер айтылды. Кеңес мүшелері жастар арасындағы суицидті, отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастағы агрессивті мінез-құлықтарды талқыға салды. Мектеп жасындағы қыз балалардың еріксіз жүктілікке ұшырауы да тілге тиек етілді.
Аналар кеңесі өңірдегі ауқымды іс-шараларды атқарып келеді. Олардың ішінде «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қызы мен анасы» және тағы басқа маңызы зор жобаларды айтуға болады.
Аналар кеңесі өңірдегі ауқымды іс-шараларды атқарып келеді. Олардың ішінде «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қызы мен анасы» және тағы басқа маңызы зор жобаларды айтуға болады.