ҚЫЗЫЛОРДАДА 2016 ЖЫЛ КӨЛЕМІНДЕ ТІРКЕЛГЕН МАЛ ҰРЛЫҒЫ ҚЫЛМЫСЫ 21,7 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Есепті мерзімде тіркелген мал ұрлығы қылмысы 21,7 пайызға (852-ден 667-ге дейін) төмендеп, қылмыстардың ашылу көрсеткіші 14,0 пайызға (21,7%-дан 35,7%ға) жақсарған.
Талдау көрсеткендей, жалпы тіркелген мал ұрлығы қылмыстарының 74,6 пайызы (852-нің 667-і) жайылымда және 25,3 пайызы (169) үй ауласында орын алған.
Сонымен қатар, мал ұрлығын кәсіп еткен 11 қылмыстық топтың іс-әрекеті әшкереленіп, құрамында 41 мүшесі бар аталған топтардың қатысуымен 74 эпизодты мал ұрлығы қылмысы жасалғандығы анықталды.
Мәселен, 20.10.2016 жылы Қазалы ауданы, Жалаңтөс Баһадүр ауылының тұрғыны түн мезгілінде мал қорасынан екі бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткені жөнінде арызданған. Шығынның жалпы құны 50 000 теңгені құраған. Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстардың нәтижесінде 4 азамат ұсталып, олардың қатысуымен барлығы 36 эпизодты мал ұрлығы қылмысы жасалғандығы анықталды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жұмыстары барысында күдіктілерден жауаптар алынып, осы іске қатысы бар басқа да азаматтар анықталды. Айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Облыс әкімінің 2016 жылғы 5 мамырдағы өкімімен «Ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлауға қарсы іс-қимыл жол картасын жүзеге асыру жөніндегі» іс-шаралар жоспары бекітіліп, онда жауапты орындаушылар, мерзімі және орындалу нысандары белгіленіп, оның іске асырылу барысы ай сайын облыс әкімі орынбасарында ведомствоаралық мәжілістерде қаралуда.
Осыған сәйкес, облыстағы 66 ауылдық округтерде бақташылармен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылып, 5 аудан орталықтарында мал сататын базарлар ашылды және барлық мал соятын жерлерге бейнебақылау камералары орнатылды.
Оң тәжірибе ретінде, тұрақты түрде бақташымен қамтылған Шиелі ауданы Нартай Бекежанов ауылдық округінде соңғы 3 жылда бірде-бір мал ұрлығы орын алмағандығы жөнінде бейнетаспа жазылып, барлық телеарналарда көрсетілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26-28 қаңтар аралығында «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіледі. Шара барысында мал ұрлығын алдын алу, ашу бағытында рейдтік жұмыстар өткізіледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі