«ӨРКЕНДЕУДЕ» ӨРІСТІ ІС БАР
Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінің әкімі Н. Үргенішбайдың есебінде де ауылдағы ауқымды бастамалар жайлы баса айтылды.
Ауылдағы «Естемір» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы арқылы 3 800 мың теңге несие алып, Қамбар ата түлігін асылдандыруға ден қойса, «Мерей» шаруа қожалығы «Егінжай» бағдарламасы арқылы алған несиесін егін шаруашылығын дамытуға жұмсайда.
«Мерей» шаруа қожалығы 250 гектар күріштің әр гектарынан 35 центнерден, «Сыр маржаны» ЖШС 300 гектар күріштің әр гектарынан 49 центнерден өнім жинады. Ауылдық округ бойынша 19 кәсіпкерлік нысаны бар. Оның екеуі өткен жыл ішінде ашылған.
Сонымен бірге, жолаушылар тасымалымен 2 автобус, 6 жеке такси көлігі патенттік жүйемен күніне 2 мезгіл аудан орталығына қатынап, халыққа қызмет көрсетеді.