ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы баспасөз қызметінің хабарлауынша Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Pyeongchang Olympic Culture Concert» тақырыбында концерт өтті. Кештің қонағы кәріс этносының дәстүрлі ансамблі «Норым Мачи» болды. Аталмыш шара Корея Республикасының елшілігіндегі Корей мәдениеті орталығының ұйымдастыруымен «Қызылорда облыстық корейлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 2018 жылы Пхёчханде өтетін қысқы олимпиадалық ойындар мен 2017 жылы Алматы облысында өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың құрметіне өткізілді.
Салтанатты кеште «Қызылорда облыстық корейлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Ким сөз сөйледі. Жиналған қауымның құрметіне самульнор – көне соқпа музыкалық құралдарында сиқырлы әуен ойналып, пансори – халықтық әні орындалды.
Айта кететіні, кәріс халқының дәстүрлі ансамблі «Норым Мачи» 1993 жылы құрылған. Ансамбль әлемнің музыкалық алаңдарында жиі өнер көрсетіп, әлемдегі 50 елді ерекше әуендерімен таңқалдырған өнер ұжымы.
Айта кететіні, кәріс халқының дәстүрлі ансамблі «Норым Мачи» 1993 жылы құрылған. Ансамбль әлемнің музыкалық алаңдарында жиі өнер көрсетіп, әлемдегі 50 елді ерекше әуендерімен таңқалдырған өнер ұжымы.