СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІ ТАРТЫЛАДЫ
Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашов пен Иіркөл ауылдық округінің әкімі Ә.Білжанов ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Өткен жылы біршама жұмыстар атқарылды, ауыл тұрғындары негізінен ауылшаруашылығы саласы, кәсіпкерлік саласы және әлеуметтік салада еңбек етуде.
Былтыр «Әсіл» ШҚ 450 га күріш, 120 га жоңышқа ексе, ауыл тұрғындары арнайы дайындалған алқапқа бақша дақылдарын егіп, өнімін алған. Ауыл әкімі ауылда мал басының ұлғайып, егін шаруашылығының дамып келе жатқандығын айтты.
Есепті кездесуде аудан әкімі С.Мақашов биыл Иіркөл ауылында «Самал» балабақшасының құрылысын бастауға 50 млн теңге бөлінгендігін атап өтті. Сонымен қатар, ауылдағы су құбыры желілерін тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына субсидия бөлінгендігін айтты.