БИЫЛ БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ
Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашов пен Жосалы ауылдық округінің әкімі Б.Қалдашбаев ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Есепті кездесуде ауыл әкімі Б.Қалдашбаев «Келте арық» каналы, ауыл ішіндегі аяқ су жолдары тазартылып, Сырдария өзенінің сағасына су айдайтын насос орнатылғанын жеткізді.
Есеп беру жиынында аудан әкімі С.Мақашов 2016 жылы ауыл көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін және 2017 жылы «Ақкөгеріш» балабақшасының құрылысы басталатындығын атап өтті.