БАУ-БАҚША ЕГЕТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ
Қазалы ауданы Бірлік ауылдық округінде 2 кәсіпкер азық-түлік саудасымен, 4 кәсіпкер жолаушы тасымалымен, 2 кәсіпкер мал шаруашылығымен, 1 кәсіпкер қоян-құс өсірумен айналысады. Бұл туралы ауылдық округ әкімі Б.Теміровтің тұрғындарға берген есебінде айтылды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Г.Айгельдиева» тігін цехын ашу үшін былтыр жылы «Эко Даму» қорынан 2 млн теңге несие алып, тігін тігумен айналысуда.
Округ бойынша 754 бас мүйізді ірі қара, 1641 бас уақ мал, 321 бас жылқы бар.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Әбдір Боранбай» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын салу үшін «Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» ЖШС-нен 8 млн теңге несие алып, қазіргі күні ол толық салынып, ірі қара малдары бордақылануда. Сонымен қатар, ауылдың жұмыссыз 4 азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Ауыл тұрғыны М.Мәлиев 2016 жылы мал шаруашылығын дамыту аясында «Жанкент» кооперативін құрып, мал шаруашылығымен айналысуда.
Е.Рамазанов ауылдың жұмыссыз тұрғындарын біріктіріп, бау-бақша дақылдарын егумен айналысатын кооператив құру үшін жұмыстар жүргізуде. «Шакизада» және «Күмісай» шаруа қожалықтары «Алтын асық», «Сыбаға» және «Құлан» бағдарламалары бойынша несие алу жұмыстарын қарастыруда.
Бірлік ауылынан 140 орындық мектептің құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 20 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.