МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЕНГІЗІЛЕДІ
Биыл Қызылорда облысында ауруларды басқару бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты.
Бұл созылмалы жүрек кемістігі бар бағдарлама қатысушыларының ауыр жағдайын 50%-ға азайтуға, артериалдық гипертензиясы бар көптеген пациенттердің артериалдық қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді. Ақпараттандырылған пациенттер өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды.
Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.
Бағдарлама 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханасында пилоттық тәртіпте енгізілді. 2016 жылғы оң нәтижелерді ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 5 жаңа аймақта: Астана, Алматы қалаларында, БҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарында енгізілген болатын.
Ал биыл АББ-ны 4 жаңа аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында енгізу жоспарланып отыр.