ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН - КӘСІПКЕРЛІККЕ
Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылдық округінің әкімі Молдахмет Нәлібаев халық алдында берген есебінде ауыл шаруашылығын дамытуда атқарылып жатқан біршама жұмыстарға тоқталды.
Ауылда 785 бас мүйізді ірі қара, 7774 бас қой, 150 бас жылқы, 11 бас түйе, 50 бас құс бар. Сонымен қатар, 6 шаруа қожалық тіркелген, оның ішіндегі Қожамберді шаруа қожалығының мүшелері 84 га күріш егіп, әр гектарына 40 центнерден өнім алып отыр. Осының 78 гектарына мемлекет тарапынан 1 млн 300,0 мың теңге көлемінде субцидия берілді. Егін еккен 7 отбасы өз үлестерін бөліп алды. Ал, «Нұрболат» шаруа қожалығында 4500 бас уақ оның ішінде 3400 аналық 121 бас қошқар және 62 бас жылқы тіркелген. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой шаруашылығын асылдандыру мақсатында 5 млн 100 мың теңге субцидия алынды.
Мұнымен қоса ауыл тұрғындары шағын кәсіпкерлікті қолға алып жатыр. Жеке кәсіпкер Төлепберген Әлішер жұмыссыздықтар есебінен тіркеліп, 2016 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 2 млн несие алған. Оған 29 бас аналық мүйізді ірі қара алып, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша малды асылдандыру мақсатында 1 - бұқа алынды. Оған мемлекет тарапынан 432,0 мың теңге субсидия берілді.