ӘКІМ ЖҰМЫСЫНА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ОҢ БАҒА БЕРДІ
Жаңақорған ауданы Екпінді ауылдық округінің әкімі Қайрат Қожамұратов тұрғындар алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер бағытын баяндады.
Бүгінге дейін ауылда 3 шаруа қожалық тіркелген, оның ішіндегі «Бастау» және «Екпінді» шаруа қожалығының мүшелері 350 гектарға күріш егіп, әр гектарынан 40 центнерден өнім алды. Оларға 7 961 мың теңге көлемінде субцидия берілді. «Бастау» шаруа қожалығында 692 бас уақ мал бар. Былтыр осы шаруашылық «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой шаруашылығын асылдандыру мақсатында 12 500 мың теңге субцидия алды.
- Екпінді ауылында 769 бас мүйізді ірі қара, 1669 бас қой, 37 бас жылқы өсірілуде. Жеке кәсіпкер Ербол Жаныбеков «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 1,5 млн несие алып, оған 9 бас сиыр алды, - дейді ауыл әкімі Қайрат Қожамұратов.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары 2016 жылға атқарылған жұмыстарға оң баға берді.