АУЫЛДА ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Бүгін Арал ауданының әкімі М.Оразбаевтың халық алдындағы есепті кездесуі Сазды ауылдық округінде өтті.
Негізінен мал шаруашылығы және оның азығын дайындаумен айналысатын Сазды ауылдық округ көлемінде бүгінде 87 қожалық бар.
Ауыл әкімі Ә.Танымбетовтың айтуынша қазіргі таңда мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын асылдандыру бағытында «Қайрат», «Матай», «Қанибаев» және «Тілеулесов» шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқалар алып, сиыр малын асылдандыру жұмыстарын бастаған.
Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға » бағдарламасы басталғалы 15 жас маман жұмысқа араласса, былтырғы жылы бір маман мектепке, бірі балабақшаға орналасып, көтерме жәрдемақы алды.
Жалпы округ аумағында орналасқан ауылдық клуб, кітапхана, білім беру мекемелері және денсаулық сақтау, құқық қорғау саласы тиісті дәрежеде қызмет атқарып келеді.
Соның ішінде, биылғы жылы Арал-Сазды бағытындағы жолдың 21 шақырымына тас төсеу және ауыл көшелерін жарықтандыру міндеті жыл жоспарына енгізілген.
Өткен жылдың қорытындысы мен алдағы жағымды жаңалықтардан хабардар болған көпшілік есепті жиында өз пікірлерін білдіріп, әкім есебіне оң бағаларын берді.