АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Төменарық ауылдық округінің тұрғындары алдында ауыл әкімі Найрахман Фазылов есеп берді. Аудандағы ең ірі елдімекен қатарынан саналатын Төменарықта бүгінде 4455 тұрғын бар. Ауылдық округте 23 шаруа қожалығы тұрақты жұмыс істеуде. Былтыр осылардың арасынан бесеуі мал тұқымын асылдандыру үшін несие алған. Оның ішінде 3-еуі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша өз шаруаларын жүргізуде.
Ауылдағылар «Нұрлы жол» бағдарламасының да шапағатын көріп отыр. Осы бағдарлама бойынша елдімекенде былтыр №223 орта мектептің құрылысы басталды.